Қалалық қоғамдық-саяси газет

Орыс тілшілерімен аудармашы арқылы сөйлескен қазақ «Зенитке» ауыспақ (видео)

0 1  143

Футболдан Ресейдің бірнеше дүркін чемпионы «Зенит» командасы қазақ футболшысы Нұрәлі Әліпті жалға алатын болды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі  kznews.kz сайтына сілтеме жасап.

Дәлірек айтсақ, 22 жастағы футболшы Нұрәлі Әліп Алматының «Қайратынан» Ресейдің «Зенит» клубына ауыспақ.

Футболшының Ресейге ауысуына «Қайрат» клубының иесі Қайрат Боранбаевтың көмегі тиген. Ол «Зенит» клубының басшысымен жақсы қарым-қатынаста. Сондай-ақ екі команданың бапкерлері де бір-бірін жақсы таниды. Яғни «Қайраттың» бас жаттықтырушысы Құрбан Бердыев «Зениттің» қазіргі бапкері Сергей Семақтың ұстазы.

«Зенит» Нұрәлі Әліпті алдымен оқу-жаттығу жиындарына шақырған. Біріккен Араб Әмірліктері және Португалиядағы жиынға қатысты. Жолдастық матчтарда қорғаушы болса да, гол соғып, бапкерлердің көңілінен шықты. Атап айстақ, Данияның «Митьюлланд» және «Брондбю» командаларымен кездесуде мергендік танытты.

Жақында футболшы ресейлік журналистің сауалына аудармашы арқылы қазақ тілінде жауап берді. Оның бұл әрекеті отандық жанкүйерлерге ұнағаны жасырын емес.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.