Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ресейлік трансұлттық корпорация Алматы облысына 44 млрд теңге инвестиция құймақ

0 120

  Алматы облысында ресейлік трансұлттық «Технониколь» корпорациясы жалпы құны 44 миллиард теңгені құрайтын екі зауыттың құрылысын бастауды жоспарлап отыр деп жазды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев «Технониколь» трансұлттық корпорациясының өкілдерімен кездесіп, энергия үнемдейтін жылу изоляциялық материалдарды өндіретін екі зауыттың құрылыс жобасына инфрақұрылымдық қолдау көрсету мәселелерін талқылады. Құрылыс жұмыстары сәуір айына жоспарланып отыр. Бұл жобаларға 44 миллиард теңге инвестиция тартылып, 200 жұмыс орны құрылады», – деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қанат Бозымбаев ресейлік зауыттардың облыстың әл-ауқатын арттырып, жұмыс орындарын көбейтуге және экономиканы нығайтуға жұмыс істейтінін атап өтті. Жаңа зауыттар Талғар ауданында бой көтереді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.