Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Қазақстандықтар» ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшілері ұсталды

0 114

 Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Алматы қаласында «Қазақстандықтар» ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшілерін ұстады деп жазды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Арнайы операция барысында бұрынғы спортшылар мен бұрын сотталған адамдардан құралған бұл қылмыстық топтың 6 мүшесі қолға түсті. Күдіктілердің Алматы облысының аумағында болған қарақшылық, озбырлық, бұзақылық, кәсіпкерлерге криминалдық қамқорлық, мал ұрлығы сияқты көптеген қылмыстарға қатысы бар.

«Күдіктілерді ұстау және тұрғылықты жерлерін тінту барысында 4 атыс қаруы, 177 оқ-дәрі, 7 граната, арнайы құралдар, сондай-ақ қаңтарда мародерлікке қатысқандарын растайтын заттар (радиостанциялар, «ПР» дубинкалары, броньды кеудеше) тәркіленді», – делінген баспасөз хабарламасында.

Сөйтіп, олар ҚАЖД 8-ТИ және ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінің тергеу изоляторларына қамалды. ҚР ҚК 287-бабының 3 және 4-бөліктері («Атыс қаруын, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру») бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Тергеу-жедел іс-шаралары кешенінің нәтижесінде Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында 2 «көмбе» анықталып, олардан 44 атыс қаруы және 3 суық қару, сондай-ақ 20 оқ-дәрі алынды. Қазір бұл қару-жарақты сәйкестендіру бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.