Қалалық қоғамдық-саяси газет

Перзентханаларда нәрестелерге COVID-19 індетіне қарсы екпе салынады: Ақпаратты министрлік түсіндірді

0 356

Әлеуметтік желілерде нәрестелерді COVID-19-ға қарсы екпесіз перзентханадан шығарудан бас тартылғаны туралы хабарлама пайда болды. Бұл ақпаратты ҚР денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаевтың айтуынша, мұндай ақпарат жалған.

«Бүкіл әлемде сияқты біздің елде де жаңа туған нәрестелерге COVID-19-ға қарсы екпе жоқ. Қазақстанда COVID-19-ға қарсы балалар 12 жастан бастап егіледі. Бекітілген вакцина – Pfizer/BioNTech. Оны ДДҰ мақұлдаған. Қазақстанда 12 жастан асқан жасөспірімдер ата-анасының немесе қамқоршысының ерікті келісімімен ғана екпе алады», –  деді ол.

Сондай-ақ Ержан Байтанаев қазақстандықтарды қасақана жалған ақпарат таратпауға шақырып, елімізде мұндай әрекеттердің жазаланатынын еске салды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.