Қалалық қоғамдық-саяси газет

Парламенттегі Nur Otan фракциясының төрағасы сайланды

0 251

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Nur Otan партиясы парламенттік фракциясының басшысы болып сайланды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ерлан Қошанов 1962 жылы Қарағанды облысында туған. 1984 жылы Қарағанды политехникалық институтын бітірген.

Әр жылдары Қазақстанның көлік және коммуникация вице-министрі, көлік және коммуникация министрлігі азаматтық авиация комитетінің төрағасы, премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары, парламент мәжілісіндегі үкімет өкілі қызметтерін атқарған.

2012 жылы премьер-министр кеңсесінің басшысы болып тағайындалды. Ал 2017 жылдың 14 наурызында Қарағанды облысының әкімі қызметіне келді.

2019 жылдың қыркүйек айында мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалды.

2022 жылдың 1 ақпанында Ерлан Қошанов парламент мәжілісінің төрағасы болып сайланды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.