Қалалық қоғамдық-саяси газет

Байқаусызда бөтен картаға миллион теңге аударған: Сот ерекше істің нүктесін қойды

0 122

Байқаусызда бөтен картаға миллион теңге аударып жіберген қазақстандық әйелдің ісіне қатысты сот процесі аяқталды. Сот шешімімен банк қызылордалық әйелдің шатасып аударған соммасын толығымен қайтаруы керек, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызылордалық әйелдің байқаусызда жіберген ақшасы Қостанай облысы тұрғынының есепшотына түскен. Алайда ол өз картасына мұндай қаржының аударылғанын білмеген. Сонымен қатар банк түскен ақшаның жартысын ұстап қалған, себебі есепшот иесінің қарызы болған екен. Ал қалған сомманы иесіне жіберген.

Банк ұстап қалған қаржы төңірегінде сот отырысы 2 айға жалғасқан. Нәтижесінде банкке толық сомманы қайтару міндеттелді.

«Kaspi Bank» АҚ-дан Аөбөпеева Г.К. пайдасына 504 мың теңге мен сот шығыны 6 540 теңгені және өкілдің шығыны ретінде 50 мың теңген өндірілсін», – деп шешім қабылдады Әулиекөл аудандық сотының судьясы Әсел Ахметова.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.