Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шымкентте мешіттегі намаз кезіндегі ұрлық видеоға түсіп қалды

0 168

Шымкентте ер адам мешітте жұма намазы кезінде ұрлық жасаған. Оның бұл әрекеті бейне бақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Еңбекші ауданының полициясына жергілікті тұрғын шағымданып, жұма намазы кезінде мешітте қуаттағышқа қосылған смартфонын ұрлап кеткенін мәлімдеген.

Бейне бақылау камераларындағы жазбаларды қарау арқылы полицейлер күдіктіні ұстаған. Видеода ер адамның шеткі қатарда отырып, барлығымен бірге намаз оқуын бастағаны көрінеді. Әрі қарай өзгелердің намаз оқығанын пайдаланып ұрлық жасап, мешіттен шығып кеткен.

Полицейлер 30 жастағы Шымкент тұрғынын тұтқындаған. «Ұрлық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ер адам қазір уақытша ұстау изоляторында. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.