Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ер есімдері – ел есінде

0 381

   ҚР ҚМ-нің Әскери техникалық мектебінің салтанат залында Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылуына 33 жыл толуына орай «Ауғанның ыстық жалыны» атты кеш өтті. Кеш шымылдығы Қазақстан Республикасының гимні «Менің Қазақстаным» әнімен түрілді.

Жиынға ҚР ҚК-нің және Ауған соғысының ардагері Ғани Саражанов, ҚР ҚМ ӘТМ РМҚК Тараз филиал директоры Қанат Бошай, ҚР ҚК-нің және Ауған соғысының рдагері Абдыхапар Казиев, РОО Жамбыл филиалы «Қарулы күштер ардагерлер төрағасы Рамиль Тартыков, Әскери техникалық мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары Нұрмахан Шиналиев, қатысты. Алғашқы сөз кезегін ҚР ҚМ ӘТМ РМҚК Тараз филиал директоры Қанат Бошай:
– Отан үшін майдан шебінде тер төккен ерен ерлеріміздің ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Қан майдан, ұрыс даласында сайысқа түссе де мойымаған әскерлердің ерлігі бүгінге тарих болып қалды. Келешек ұрпақтың ертеңі еңселі, өмірі өнгеге, өрлікке толы болу үшін біз осындай арқа тұтар арда азаматтарымызды мақсат тұтамыз – деді әскери мектеп директоры.

Отты жылдары, оқ кешіп, ауған соғысында қаза тапқан сарбаздарды еске алу мақсатында бір минут үнсіздік жарияланды. Ауған соғысына қатысқан азаматтарды еске алған №10 мектептің 9 сынып оқушылары өлең оқып, поэзия әлеміне сапар шекті.

– Кешті ұйымдастыруға әскери білім алып жүргендердің барлығы бір кісідей ат салысты. Бұл мектепте 40 күн бойы білім алып, әскери билетімізді қолға аламыз. Ауған соғысына қатысқан ардагерлердің көргенін бүгінгі жас ұрпақ, яғни біз көрген жоқпыз. Мұндай нар тұлғалы батыр азаматтарды көру бізді де дәл осындай өжеттікке, елі мен жерін сүйген ер болуға жетелейтінін анық. Ер есімі, ел есінде мәңгі қала береді. – деді Әскери техникалы мектептің оқушысы Нұрғиса Зұлпыхаров .

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.