Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Мен қошқар емеспін»: Луинаның күйеуі бұрынғы некесі жайлы айтты

0 468

Луинаның күйеуі Артем Обухов бұрынғы некесі жайлы айтты. Ол «Луина біреудің отбасын бұзды» деген көптің көкейіндегі сауалға жауап берді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Instagram оқырмандарының бірі Артемнен:

«Луина сізді отбасыңыздан алып кетті ме?» – деп сұрады. Оған Обухов:

«Біріншіден, мені алып кететіндей, мен қошқар емеспін. Екіншіден, моралдық ұстанымдарым басқа. Мәселен, мен – отбасымды ешқашан тастамайтын адаммын. Тек екі жақты келісіммен бөлек кетсек, ол басқа әңгіме», –  деп түсіндірді Артем.

Артемнің алғашқы некесінен бір ұлы өсіп келеді. Луина екеуінің де ортақ бір ұлы бар. Луина болашақта көп балалы болғысы келетінін айтқан еді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.