Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әр істің қайыры бар: Алматы облысында сегіз қария мен мүгедек жанды қамқорлығына алған әйел лотереядан екі миллион теңге ұтып алған

0 215

Жақында сегіз зейнеткер мен жарымжанды өз қамқорлығына алып, бағып-қағып отырған Алматы облысының тұрғыны Сәниям Мұхамедсадықованың оқиғасы көпшілікке үлгі болды. Қайырымды әйел жайлы ең алғаш блогер Александр Цой өзінің Instagram парақшасында жазған еді.

Екі ұлдың ардақты анасы, аяулы жар Сәниям Мұхамедсадықова отбасымен бірге Шамалған маңындағы «Мерей» саяжайында тұрады. Ол ұядай ғана үйде өмір сүріп жатқанына қарамастан, тағдырдың тәлкегіне түсіп, туған-туыстарының қамқорлығынсыз қалған сегіз қария мен мүгедек жанды өз қарауына алыпты. Өйткені жастайынан интернатта өскен Сәниям жанашырлық пен мейірім сезімімен қоса жүрек қалауымен көмектесу керек екенін жақсы түсінеді.

«Қамқорлығына алғандардың бесеуі 45-50 мың теңге көлемінде мүгедектікке берілетін зейнетақы алады. Бұл ақшаға әйел көмір, азық-түлік (күріш, ұн, картоп, қант, шай, май), темекі, дәрі-дәрмек пен сал ауруына шалдыққандарға жөргек сатып алады», – деп жазады Александр Цой.

Сәниямның жолдасы көлік жүргізіп ақша табады. Ал өзі бұрын күтуші болған, дегенмен қазір өз отбасына көбірек көңіл бөлуді ойлап, үйде отыр. Өйткені оның сөзінше, оның қамқорлығындағы әрбір жан ерекше қамқорлық пен мейірімді қажет етеді.

Ең қызығы, Сәниям былтыр күзде күтпеген жерден олжаға кенелген: ол «Сәтті Жұлдыздың» “Alga, Qazaqstan” лотереясына қатысып, 2 миллион теңге ұтысқа ие болған. Айына бір рет лотереяға қатысатын әйел алғашында бұған тіпті сене алмай бірнеше күн жүрген.

Расымен де, мұндай сезім лотереяда жеңіске жеткен әрбір адамға тән көрінеді.  Мәселен, «Қоғамдық пікірді» зерттеу институтының мәліметінше, адамдардың лотереяға қатысуының басты себебі – лотереяның өту барысын сезіну, көп жағдайда ұтысқа жету маңызды болып саналмайтын көрінеді. Яғни бұл адамдардың лотереяға оңай пайда табу жолы емес, күйбең тіршілікті ұмыту мақсатында ойнайтын көңіл көтеру құралы ретінде қарайды деген сөз.

Ал Сәниям болса жеңіп алған екі миллион теңгені үйдің жөндеу жұмыстары, қысқа отын-көмір мен азық-түлік алуға жұмсаған. Сонымен бірге ол үйінің жанындағы вагон тіркемесін қонысқа ыңғайлы ету үшін онда жылу жүргізіп, жөндеу жұмыстарын қолға алған. Енді әйел мен оның отбасы мұқтаж күйге түскен барлық ата-әжелерге арналған ортақ үй салғысы келеді. Мұндай игі бастамаға олар барша қазақстандықтар ат салысады деген үмітте.

Осыған орай Сәниямның рұқсатымен оның банк реквизиттерін жариялаймыз:

Kaspi 4400 4301 4543 5977 Saniyam Mukhamedsadykova.

Kaspi Gold мына нөмірге тіркелген: 8 (705) 107-54-19 Саниям М.

Басқа да сұрақтарыңыз бойынша Сәниямның өзіне хабарласуға болады: 8 (707) 639-02-76.

Бұл Қазақстанда лотереямен байланысты болған жалғыз қуанышты оқиға емес. Бұған дейін Алматы облысы Үшарал қаласының Қайрат есімді тұрғыны “5/36” лотереясынан 4 383 415 теңге жеңіп алған. Бұл ұтыс отбасыға үлкен көмегін тигізген, себебі дәл осы уақытта Қайрат жарының еміне қомақты қаражат қажет болған.

Айта кетсек, “5/36” лотереясы әрбір сейсенбі мен жұма сайын ойнатылады. Лотерея барысын 20:55-те “Сәтті Жұлдыздың” YouTube арнасынан тамашалауға болады. Бір билет құны 400 теңге тұратын бұл лотереяда джекпот 3 000 000 теңгеден басталады. Қазір басты жүлде сомасы 15 503 203 теңгеге жетіп отыр. Лотерея билетін мына сілтеме арқылы сатып алуға болады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.