Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Қанат Ислам үлкен жекпе-жектер туралы ойламайды да» – шетелдік сарапшы

0 399

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) карьерасының соңында биіктен көрінуді дәметпейді де. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында WorldBoxingNews редакторы Фил Джей осындай пікір білдірген деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қанат Ислам 21 қаңтарда АҚШ-тың Плант-Сити қаласында британиялық Джимм Келлимен (25-2, 10 КО) жұдырықтасу керек болатын. Алайда Covid-19 ошақтарының көбеюіне байланысты жекпе-жек 25 ақпанға ауыстырылды.

«Қанат Ислам үлкен жекпе-жектер туралы ойламайды да. Қазір оның мақсаты басқа. Жылына бір айқас оған жеткілікті. Ол енді өзінің промоутерлік компаниясын жарнамалап жүр немесе басқа мақсаты бар. Ал чемпиондық айқас туралы ойламайтыны анық. Алдағы жекпе-жек оның карьерасындағы соңғылардың бірі деген ойдамын. Рингте тағы бір-екі рет көретін шығармыз, бірақ, оның уақыты келді», – дейді Фил Джей.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.