Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әйелдер бүлік кезінде зорланғандарын енді айтып жатыр

0 1  739

Алматыдағы тәртіпсіздіктерден кейін 40 күн өткен соң жаңа деректер анықтала бастады. Қала тұрғындары қаңтардың қанды аптасын күрсініспен еске алып жатыр деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Мысалы, сол күндері қорланған әйелдер құқық қорғаушыларға жағдайларын айтып енді келіп жатыр. Осылайша, бұрын белгісіз болған фактілер нақтыланып келеді. «Ақиқат» қоғамдық комиссиясының қаңтар айындағы оқиғаларды тергеу жөніндегі жетекшісі Айман Омарова әйелдердің бірінің сол күні топтық зорлауға түсіп қалғанын айтып берді.

«Бірақ ол арыз жазғысы келмейді, ал мен адамды арыз жазуға мәжбүрлей алмаймын. Сол күні топтық зорлау болды. Олар оны сүйреп зорлады. Оның шок алғаны соншалықты, «Тани аласың ба?» дегенде, «Бірін ғана, қалғандарын жоқ» дейді», – деді Айман Омарова.

Қоғамдық белсенділер мен заңгерлер зардап шеккендердің отбасыларына көмектесуге тырысып жатыр. Айтуларынша, олардың барлығы дерлік психологтардың қолдауын қажет етеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.