Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шаһардың Бас жоспарына өзгертулер енгізілуде

0 194

   Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде Тараз қаласының бас жоспарына толықтырулар мен өзгертулер енгізу бойынша қоғамдық тыңдау өтті,–деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Жалпы Бас жоспар «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Жер, Экологиялық кодексіне және басқа да заңнамалық актілері мен қала құрылысын жобалау саласындағы нормативтік құжаттарына сәйкес құрастырылады. Мәдениет үйінде қала әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің ұйымдастыруымен өткен талқылауға қала тұрғындарынан бөлек, әкімдікке қарасты басқармалар мен бөлім басшылары қатысты. Алдымен өзгеріске ұсынылған Бас жоспар ЛЭД экран арқылы көпшілікке таныстырылды. Айта кету керек Бас жоспарды конкурска қатысқан мердігерлердің ішінде «Қолдау» ЖШС ұтып алған. Аталмыш серіктестің сәулет жөніндегі директордың орынбасары Асқар Рысбаев алдымен Бас жоспарды толығымен түсіндіріп, өзгертулер мен толықтылуларға тоқталды.

– 2005 жылдың басында халық саны 331,5 мың адамды құраса, 2025 жылға болжам бойынша 450 мың адамды құрауы мүмкін. Барлығы 2 777,76 гектар қалаға бөлінеді, онда жиынтықпен алғанда 44,5 мың адам тұрады. Оның 2266,57 гектары (34,1 мың адам) Жамбыл ауданынан және 511,19 гектары (10,4 мың адам) Байзақ ауданынан болады деп күтілуде, – деді Асқар Мақшанұлы.

Сондай-ақ жиында сәулетші Бас жоспарға өзгеріс енгізу үшін халықты қоныстандыру қомақты ресурстарды, оның ішінде жер ресурстарын қажет ететінін тілге тиек етті. Демек, алдағы уақытта қала төңірегінде орналасқан елді мекендерді қосу арқылы қала аумағын кеңейту жоспарлануда. Алайда бұл әзірге жоспар. Әлі талай талқылау мен пысықтауды қажет етеді. Ал «Қолдау»ЖШС экологы Иван Комаров, экономист Анна Аблеева өз салаларына қатысты тұстарды көпшілікке таныстырды. Жалпы қаланың Бас жоспары 2010 жылы бекітілген. Жиын барысында қатысушылар серіктестік өкілдеріне сұрақтар қойып, жиынды қортындылады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.