Қалалық қоғамдық-саяси газет

Теңге нығаюда: Ұлттық банк түсініктеме берді

0 211

Қазақ теңгесі өз позициясын нығайтып келеді. Қаңтар айынан бері ұлттық валюта доллармен 1,5%-ға өсті. Бүгінде доллардың құны 426 теңгені құрайтынын жеткізген Ұлттық банк валютаның жағдайына түсініктеме берді деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

“Теңгеміздің нығаюының негізгі факторы мұнай бағасының баррелі 90 доллардан жоғары болуы. Украинаға байланысты геосаяси жағдайлардың әсері мен соның салдарынан Ресей рубльінің артуы”,-деді Ұлттық банкі монетарлық операциялар департаментінің бас маманы Аян Шаймұхамбетов.

Мамандар теңгенің нығаюын шет елдік валюта сұранысының төменеуімен байланыстырады. Долларды белсенді сатып алу өткен жылы қарқынды болатын. Ал қазір оған сұраныс төмендеп, экспорттаушылардың бюджетке салық төлемдері аясында ұлттық валюта қымбаттаған.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.