Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сәбит Әбдіхалықов жетінші перзентіне ерекше есім берді

0 177

Актер, продюсер Сәбит Әбдіхалықов жетінші перзентіне қандай есім бергенін жариялады. Ұлын Абадан деп атаған ол ерекше есімнің мағынасын түсіндірді, деп жазады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қадірлі ағайын, бірнеше күннен бері менің қуанышымды бөлісіп, жақсылығыма ортақ болып жатқан достарыма, туған-туысқа, жалпы қазақ жұртына алғысымды білдіремін. Ұлымның есімін ақылдаса келе Абадан деп қойдық. Абадан есімінің мағынасы көкжалдардың үйірін бастайтын қолбасшы, ержүрек бөрі дегенді білдіреді.

Атына заты сай азамат болсын. Қуанышты бөліссең көбейеді. Әрбіріңізге осындай жақсылық жұғысты болсын», – деп бөлісті ол.

Айта кетейік, бұл Әбдіхалықовтың жетінші перзенті. Актердің Айгүл Иманбаевадан бір ұлы, Алтынай Жорабаевадан төрт қызы бар. Сондай-ақ, үшінші некесінен екі атұстары өсіп келеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.