Қалалық қоғамдық-саяси газет

Дариға Назарбаеваның әлі жұмысқа шықпағаны белгілі болды

0 251

Дариға Назарбаева сәрсенбі күні мәжілістің жалпы отырысына қатыспады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Депутат әлі де жалақысы сақталмайтын еңбек демалысында», – деп хабарлады мәжілістің баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі коронавируспен ауырғандықтан, қаңтар айының соңына дейін жалақысы сақталмайтын демалыста болатыны хабарланды. Ол сырқаттан кейін оңалу кезеңінен өтіп жатыр делінген еді.

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева жыл басынан бері парламентке келмеді.

Ол президент жаңа премьер-министрді таныстырған кезде де, Нұрлан Нығматулиннің орнына мәжілістің жаңа спикері Ерлан Қошанов сайланғанда да болмады.

Мәжілістің жетінші шақырылымында Назарбаева Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі болды. Комитет басшысы Альберт Рау Дариға Назарбаеваның еңбек тәртібін бұзбағанын және тек нақты себептермен ғана жұмыста болмағанын айтқан.

Елбасы қызының басқа әріптестері Назарбаеваның депутаттық мандаттан бас тартатын уақыты келді деген пікір білдірді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.