Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Қазақстанда Калашников автоматы шығарылатын болды

0 270

Биыл Қазақстанда Airbus ұшақтарына қызмет көрсетуге арналған сервистік орталығы іске қосылады. Бұдан бөлек бір жыл ішінде Көкшетауда 2015 жылғы үлгідегі Калашников автоматының өндірісін бастау жоспарланып отыр, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, 2022 жылы қорғаныс кәсіпорындарында мынадай жобаларды іске асыру жоспарланған:

– “№405 Авиажөндеу зауыты” АҚ базасында Ми-171Ш тікұшағын құрастыру;

– “Қазақстандық авиациялық индустриясы” ЖШС базасында Airbus ұшақтарына қызмет көрсетуге арналған сервис орталығын құру;

– “Тыныс” АҚ, “Алма ДК” ЖШС мен “Милитарм” базасында радиациялық және химиялық қорғау заттарын өндіру;

– “Семей инжиниринг” АҚ базасында бронетанктық техниканы жетілдіру;

– “Steel manufacturing” ЖШС базасында автоматқа арналған оқ-дәрі өндіру;

– “Қазақстан Парамаунт инжиниринг” ЖШС базасында “Барыс 8х8” брондалған техника өндірісі;

– “Тыныс” АҚ базасында АК-12 және АК-15 автоматтарын өндіру.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.