Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев заңсыз шығарылған ақшаларды елге қайтаруға ниетті екенін жеткізді. Бұл туралы мемлекет басшысы үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
“Үкіметке екі ай мерзім ішінде шетелге заңсыз әкетілген қаржы мен онда сатып алынған активтерді елге қайтару жөнінде ұсыныстар беру міндеті жүктеледі”, – деді Тоқаев.
Президент қоғам болып табысты әділ бөлісу мәселесінде ымыралы пайым қалыптастыру маңызды екенін айтты.
“Бұл – билік пен қоғамның әлеуметтік-экономикалық аспектілерді, мемлекеттік саясат, ұлттық бірегейлік, жастарды тәрбиелеу сияқты мәселелерді қозғайтын ортақ міндеті”, – деді мемлекет басшысы.