Қалалық қоғамдық-саяси газет

Журналистке қол көтерді деп айыпталған Бекболат Тілеуханды сот жазықсыз деп тапты

0 891

Vesti.kg сайтының тілшісі Айнұр Қоскинаға қарсы күш қолданды деп айыпталған экс-депутат Бекболат Тілеуханды Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жазықсыз емес деп таныды, деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

 

«Әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты іс жүргізу тоқтатылсын», – деп шешім шығарды судья.

Тараптар 10 күн ішінде апелляциялық шағым бере алады.

«Судья, өзіңіз көріп тұрсыз, мен өте қызуқанды адаммын. Мен оны ұрдым деп ойламаймын, бірақ эмоционалды түрде ауыр сөздер айтқанымды мойындаймын. Бұл сөздерім Айнұр Коскинадан кешірім сұраймын», – деді сот отырысында Бекболат Тілеухан.

Журналист өз кезегінде татуласудан бас тартатынын мәлімдеді. Оның адвокаты Әсел Тоқаева экс-шенеунікті кінәлі деп тауып, оны әкімшілік жазаға тартылу керектігін алға тартты.

«Біз бұл шешімге қарсы арыз түсіреміз. Мен судьяның аузынан шыққан Бекболат Тілеуханның артық ниеті болған жоқ деген сөзіне назар аударғым келеді. Сонда біздің елде біреуді ұрып, сосын артық ниетім болған жоқ деп, жазадан құтыла салуға бола ма? Сол себепті мен соңына дейін бардым, өйткені журналистерге мұндай көзқарас көп. Көпшілік алаңда көпшілікке танымал адамға сұрақ қойылады деген ұғым жоқ», – деді Айнұр Коскина.

Бұрынғы депутаттың адвокаты Болат Тастыбаев екінші рет сот-медициналық сараптама тағайындауды сұрады.

«Өзінің қызмет барысында Бекболат Тілеуханның қол көтеруі мүмкін емес еді. Лифті ішінде біреу болмаса біреу араша түсер еді. Олардың араларында көмекші тұрды, одан өтіп қалай қол көтеруге болады?! Бұл жағдайда жазалауды болғызбайтын денсаулыққа жеңіл зиян келтіруді абайсызда қолдану орын алды деп есептейміз», – деді заңгер.

Журналист Айнұр Қоскина мен экс-депутат Бекболат Тілеухан арасындағы жанжал парламент ғимаратында 29 желтоқсан күні болған еді. Журналистің айтуынша, Бекболат Тілеухан Мәжіліс сыртында одан түсініктеме алмақ болған кезде телефонның штативін сындырып, басынан ұрған. Айнұр Қоскина шенеуніктен оның көп әйел алуға деген көзқарасын сұрамақшы болған.

Экс-депутат журналистің мақсаты өзін әдей ашуландыру екенін және оған қол көтергені есінде жоқ екенін жеткізген.

Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 158-бабы «Журналисттің заңды кәсіби қызметіне кедергі жасау» бойынша қаралды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.