Қалалық қоғамдық-саяси газет

Грузияда қаза тапқан Әсел Айтпаеваның анасы Президентке үндеу жолдады

0 583

Грузияда көз жұмған қазақстандық Әсел Айтпаеваның ісіне қатысы жаңа деректер пайда болды. Жүргізілген сараптама Әселдің денесінде тағы бар адамның ДНҚ-сы бар екені анықтаған. Бұл туралы марқұмның анасы мәлімдеген. Айсұлу Айтпаева сараптама нәтижесі жазда шыққанын айтады, бірақ құжаттар Қазақстанға әлі жеткізілмеген екен, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz  сайтына сілтеме жасап.

Анасының сөзінше, сараптамадан кейін Әсем Айтпаеваның денесінен тағы бір адамның ДНҚ-сы табылған екен.

«Сараптамадан кейін қызымның денесінде тағы бір адамның шәуеті анықталды», – дейді Айсұлу Айтпаева.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мен прокуратураға хабарланғанымен, тиісті құжаттар Грузиядан әлі жеткізілмеген екен. Марқұмның анасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан құжаттарды тезірек елге жеткізуде көмек көрсетуін сұрады. 

«Хат та жазғанмын. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтан бұл мәселеге қатысты көмек көрсетуін сұраймын. Қызыма қатысты сараптама ұйымы тезірек әрекет етіп, Грузиядан құжаттардың жеткізілсе деймін», – деп мәлімдеді Айсұлу Айтпаева.

Айта кетейік, Әсел Айтпаева Грузияның Тбилиси қаласында түсініксіз жағдайда көз жұмған еді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.