Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бүгін дүниежүзілік сайлау күні

0 274

  Жыл сайын ақпанның алғашқы бейсенбісінде барлық елдерде 2005 жылы Будапештте (Венгрия) өткен сайлауды ұйымдастырушылардың жалпы конференциясында сайлау органдарының кәсіби мерекесі ретінде белгіленген және Біріккен Ұлттар Ұйымы қолдаған Дүниежүзілік сайлау күні атап өтіледі. Биыл мереке 3 ақпанға сәйкес келіп отыр,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Осыған орай Жамбыл жоғарғы политехникалық колледжінде Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар және кол-орталығы өкілдерінің қатысуымен арнайы «дөңгелек үстел» отырысы өтті.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты, халықтың назарын азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету және сайлау үрдістерін жетілдіру мәселесіне аудару, азаматтардың сайлау туралы білімін арттыруға және сайлашылардың дауыс беруге қатысуын ынталандыруға бағыттау. Сонымен қатар өңірдегі партиялық-саяси активтің кәсіби құзыреттерін арттыру.
Шарада сөз алған қалалық АСК төрағасы Арын Асқарбеков күн тәртібіндегі мәселелерді айта келіп «Әлемде бір де бір елде сайлау туралы ең идеали үлгі жоқ, әр мемлекет өз менталитетіне, саяси жағдайына қарай әр түрлі сайлау жүйесін талдап алады, қоғам талқылап өздерінің ұсынысын береді», деді.
Отырыс соңында «ADAL»,«Ақжол», «Ауыл», «Нұр Отан» партиясы өкілдері, өз ойларын түйіндеп ортаға салды.

Жұматай Көксубайұлы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.