Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тиісті қорытынды жасамаған

0 103

  Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Тараз қ. №1 пробация қызметі қоғамнан оқшаулаусыз жазаларды орындау бойынша қызметті жүзеге асырады. Пробация қызметінің мақсаттарының бірі – бостандықты шектеу түріндегі жаза болғандықтан, қазіргі таңда аталған нысандағы есепте 212 сотталған азамат тұр,–деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Пробация қызметінің қызметкерлері сотталғандармен қайталап қылмыс жасау мен құқық бұзушылықтың қайталануын болдырмау мақсатында, оларға сотпен жүктелген міндеттер мен заңнама талаптарын түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.

Сотпен жүктелген міндеттерді бұзғаны үшін, сондай-ақ заңды талаптарды тиісті дәрежеде орындамағаны үшін пробация қызметі сотқа бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігін – бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы ұсыныс енгізеді.

Осылайша, пробация қызметі сотталған азаматтың өзі үшін тиісті қорытынды жасамай, сот оған түзелу үшін мүмкіндік бергенін ескермей, сынақ мерзімінің талаптарын бұзуды және қайталап қылмыс жасауды жалғастыра беретіндігі фактілерін негіздейді.

Ағымдағы жылдың басынан Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі мен Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес сотқа бас бостандығынан айыру орындарына сотталғандарды қайтару үшін 11 материал жолданған.

Тараз қ. №1 пробация қызметі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.