Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шымкент тұрғыны туған 3 қызын бірнеше жыл бойы зорлап келген

0 798

Шымкентте 3 жасөспірім қызды туған әкесі бірнеше жыл бойы зорлап келген, деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл қылмыс туралы Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Әбсаттар Шахиддинов айтты.

«Оқиға өткен жылы болған. Қыздарының бірі әкесі жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған кезде 5-сыныпта оқыған. Екіншісі де кәмелетке толмаған. Ал әкесінен қорлық көріп, құрбаны болған үшінші қыз – ең үлкені. Әкесі сотталғанға дейін бұл сұмдық жалғасқанын айтты»,- деді Шахиддинов.

Жантүршігерлік оқиға полицейлерге үлкен қызы тұрмысқа шығар алдында белгілі болды. Болашақ күйеуі әкесімен болған ортадағы әңгімеге куә болған. Ал анасы үйінде не боп жатқанынан бейхабар. Бәрі одан жасырын түрде орын алған.

Сот тергеуі барысында сотталушы кінәсін мойындамады. Алайда, қыздардың айғақтары мен сарапшының оны педофил деп тану туралы тұжырымы өмір бойы бас бостандығынан айыруға шешілді.

«Мен мұндай қылмыстарды қарауды ұнатпаймын. Қазір, өкінішке қарай, мұндайлар өте көп. Негізінен айыптаулар жас жәбірленушілердің айғақтарына негізделеді. Уақыт алшақтығы бар, мысалы, барлығы 2017 немесе 2018 жылдары болған, бірнеше эпизодтар бар. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар қылмыстың нақты күнін есіне алмауы мүмкін»,- деді Шахиддинов.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.