Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Үйге келгенде ұлымның жүгіріп шыққанын қалаймын»: Әскери қызметкер баласының емі үшін қазақстандықтардан көмек сұрайды

0 383

Әлеуметтік желіде 20 күннен кейін отбасымен қауышқан әскери қызметкердің видеосы тараған еді. Елде енгізілген төтенше жағдайға байланысты Ербол Ануарұлы жұмыста қалуға мәжбүр болған. Әскери қызметкердің үш ұлы. Алайда кіші ұлы жұлын бұлшықетінің атрофиясына шалдыққан. Ол ұлының өмірін сақтап қалу үшін қазақстандықтардан көмек сұрайды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Видеодан әкесінің алдынан екі ұлының жүгіріп шыққанын көруге болады. Ал келесі бөлмеде әкесіне қарай кіші ұлы еңбектеп келеді. Бұл – Ануардың кіші ұлы Нұртас. Балақай жұлын бұлшықетінің атрофиясы дертіне шалдыққан. Егер ауруды тезірек емдемесе, нәтижесі қайғылы болуы мүмкін екенін айтады.

Ауруды толығымен емдеу үшін қомақты қаржы қажет. Алайда 1 млрд теңгені қалтамыз көтермейді деген отбасы қазақстандықтардан көмек сұрады.

Ербол әскери бөлімде көлік жүргізушісі болып жұмыс істейді. Алайда қаржы жеткіліксіз дейді ол.

«Нұртас үйге келгенде алдымнан жүгіріп шыққанын армандаймын. Балама қарасам, жүрегім елжірейді. Жалғыз арманым – баламның дені сау екенін көру», – дейді Ербол Ануарұлы.

Байланыс нөмірі:

8 771 405 64 78

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.