Парламент Мәжілісінің депутаттары Сенаттың мемлекеттік бастамаларына елбасының арнайы келісімін жою туралы түзетулермен бірауыздан келісті. Заң президент Тоқаевтың қол қоюына жіберілді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
27 қаңтарда сенаторлар Мәжіліс мақұлдаған заңнамаға Қауіпсіздік кеңесі мен ҚХА-ны мемлекет басшысы басқаратыны жөніндегі өзгерістерді қолдаған болатын. Заң жобасын талқылау барысында сенаторлар тағы бір түзету енгізді. Олар «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» заңнан сыртқы және ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша бастамалар Елбасымен келісіледі деген норманы алып тастауды ұсынды. Түзетілген заң жобасы мәжіліске қайтарылды.