Қалалық қоғамдық-саяси газет

Коронавирустың жаңа түрі анықталды

0 191

Қытай ғалымдары бұрын Оңтүстік Африкада тіркелген NeoCoV коронавирусының адам популяциясына ену қаупі туралы хабарлады. Бұл туралы bioRxiv сайты жазды, деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Вирустардың бұл тобының таралу жағдайларын олардың адамдарда пайда болу мүмкіндігін ескере отырып, мұқият бақылау керек делінген хабарламада.

Мамандардың айтуынша, вирус адам денесімен өзара әрекеттесу үшін белгілі бір мутацияны қажет етеді, сондықтан қазір ол тек жарқанаттарға қауіп төндіреді. Алайда мамандар NeoCov көп жағынан жұмбақ болып қала беретінін айтады.

Айта кетсек, бұған дейін ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клуге COVID-19 пандемиясының омикрон штамынан кейін аяқталуы мүмкін деп мәлімдеме жасаған болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.