Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Лаңкестер билікті басып алуға тырысты» – Тоқаев

0 328

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXI съезінде қаңтардағы оқиғалар туралы айтты, деп жазды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz  сайтына сілтеме жасап.

«Өздеріңізге мәлім, қаңтар айының басында халқымыз қайғылы оқиғаларды бастан өткерді. Өкінішке қарай, бейбіт митингілерді радикалды күштер өз мақсатына пайдаланып кетті. Лаңкестер мемлекетімізге шабуыл жасап, ел тыныштығын бұзды. Олар билікті басып алуға тырысты», – деді Президент.

Сондай-ақ, ол шұғыл шаралар қабылданып, лаңкестерге, қарақшыларға тойтарыс берілгенін, заңдылық пен қоғамдық тәртіп қалпына келтірілгенін атап өтті.

«Құзырлы органдар кінәлі адамдарды анықтап, жауапқа тарту үшін тергеу жүргізіп жатыр. Бұл жұмыс тек заң аясында жүзеге асырылатынына күмән болмауы тиіс. Бәрі Бас прокуратураның және менің жеке бақылауымда болады. Адам құқығын міндетті түрде сақтаймыз», – деді Мемлекет басшысы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.