Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыда велосипед бағдаршамдары пайда болады

0 374

Алматының әкімшілік Полиция басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсарту және қауіпсіз жол инфрақұрылымын құру бойынша осы жылға арналған жоспарын бөлісті, деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz  сайтына сілтеме жасап.

Жоспар бойынша:

  • жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесімен 30 бағдаршамның құрылысын аяқтау;
  • 70 реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысын аяқтау;
  • реттеудің қосымша құралдарымен 70 реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысын аяқтау;
  • 70 көшеге 200 мың шаршы метр жол таңбалау сызығын салу;
  • 3 843 дана жол белгісін орнату және қалпына келтіру;
  • апатты-қауіпті аймақтарда 5 мың метрден астам жол қоршауын орнату;
  • арнайы бағандар орнату – 2 мың дана;
  • веложолақтармен (веложолдармен), велосипед бағдаршамдарымен 65 бағдаршамды толық жабдықтау.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.