Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Қанша қазақты Сирияға жібердің?»: қоғам белсендісі Мұхамеджан Тазабекке шүйлікті

0 602

Журналист әрі қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы «Talim tv» арнасының басшысы Мұхамеджан Тазабекке шүйлікті, деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Журналист Мұхамеджан Тазабекті көптеген қазақты Сирияға жібердің деп айыптады.

«Кеше ғана жастарды қоздырып, отқа, оққа айдағандар, бүгін соларға жанашыр, қамқор боп шыға келді. Аңқау ел әлі арандауда», – деп Мұхамеджан Тазабек Facebook-тегі парақшасына жазған болатын.

Осы жазбаны көрген Сәуле Әбілдаханқызы Мұхамеджан Тазабекке:

«Жылдар бойы қанша қазақты шиеттей бала-шағасымен Сирияға жібердің?», – деп жазба жазды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.