Қазақстанда алғашқы онлайн университеттер ашылады. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев айтты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.
“Қазақстан білім және ғылым министрлігі жоғары білім беру жүйесіне жаңа оқыту құралын енгізбек. Сөз онлайн-оқыту форматы жайлы болып отыр. Елімізде алғашқы онлайн-университеттер ашылады”, – деді вице-министр министрліктің алқа мәжілісінде.
Айта кетейік, елімізде жоғары оқу орындарына бөлінетін гранттар саны 5 мыңға артады. Олардың 60%-ы техникалық мамандықтарға беріледі. Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық студенттердің техникалық мамандықтар бойынша білім алуы керектігін айтқан еді.
Қазақстанда ҰБТ басталды: 100 мыңнан аса өтініш түскен
”Тоқаевтың тапсырмасы”: “Болашақ” бағдарламасына қандай өзгерістер енгізіледі
Қуаныш Ерғалиев президенттің тапсырмасымен, “Болашақ” бағдарламасын қайта реформалау жұмыстарының басталып кеткенін айтты.