Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әлемнің 43 елі QazVac вакцинасын алуға дайын

0 158

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп жазды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Биологиялық қауіпсіздік мәселелер жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының коронавирусқа қарсы QazVac вакцинасын әзірлеуі қазақстандық ғалымдардың күмәнсіз табысы болды. Біз бүгінде одан ары ілгерілеп келеміз. Бұл ретте Білім және ғылым министрлігінің рөлі зор», – деді Үкімет басшысының орынбасары.

Қазақстандық ғалымдар әзірлеген вакцина сапасы жағынан шетелдік баламалардан кем түспейді. Мәселен, «QazVac» вакцинасының тиімділігі 86-92 пайыз аралығында. Вице-премьер бірлескен жұмыстың жалғасатынын баса айтты.

«Елдің атын шығарған үлкен жоба болғанын бәріңіз жақсы білесіздер деп ойлаймын. 6 мемлекеттің ішінен бесінші болып Қазақстан өзінің вакцинасын шығарды. Сондықтан, бұл  – үлкен жетістік. Осы орайда, біздің ғалымдарға алғыс айтамыз. Енді ары қарай жұмыс істеуіміз керек. Ғалымдарға қойылған тапсырма да бөлек. Қазір 43 мемлекет біздің вакцинамызды алуға дайын», – деді Ералы Тоғжанов.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.