Әлеуметтік желілерде Динара Қырықбаеваның ақ көйлек киген видеосы тарады. Бейнежазба авторы той салондарының бірінде әншінің көйлек таңдау сәтін түсірген, деп жазады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
«Тұрмысқа шығамын», – деді Қырықбаева күліп.
Айта кетейік, жуырда Динара Қырықбаева бірінші күйеуімен ажырасқанын жариялады. Әнші 2015 жылы Олжас есімді азаматпен отау құрған еді. Экс ерлі-зайыптылардың ортақ үш баласы бар. Қырықбаева тағы да ұлды болғысы келетінін айтқан еді.