Қалалық қоғамдық-саяси газет

Күдіктіні ұрып-соққан полиция қызметкерлері сотталды (ВИДЕО)

0 588

Атырау облысында күдіктіні ұрып-соққан  полиция қызметкерлері сотталды, деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап. 

28 жастағы тәртіп сақшылары қылмыстық кодекстің екі бірдей бабымен  3 жылға бас бостандығынан айырылды. Тәртіп сақшылары ақша ұрлау дерегі бойынша күдікті азаматты үйінен күштеп алып кетіп, заңсыз ұстаған. Балағаттап, ұрып-соққан. Тіпті ұялы телефонынан банкке қоңырау шалып, есепшотында қанша ақша бар екенін біліпті.

«Жәбірленушінің арызынан соң олар қамауға алынды. Алайда сотталушылар кінәні мойындаған жоқ. Бірақ қылмыс жәбірленушінің жауабымен және сараптама қорытындысымен толық дәлелденді», – дейді судья.

Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

«Полиция қызметкерлерін 1 жыл мерзімде  мемлекеттік қызметпен айналысу құқынан айыра отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – деді Атырау облысы Жылыой аудандық сотының судьясы Абай Асалов.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.