Қазақстанда оңтүстік өңірлердегі электр қуаты неге сөнгенін тексеретін арнайы комиссия құрылды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
“Энергетика вице-министрінің басшылығымен оңтүстік өңірдің тұрғындарын электрмен жабдықтауға себеп болған “КЕGOC” АҚ электр желілерінде технологиялық ақау туындауы және оның даму себептері мен шарттарын жан-жақты анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылды”, – делінген хабарламада.
Тексеріс нәтижелері бойынша алдағы уақытта технологиялық ақауларға жол бермеу, сондай-ақ, Қазақстанның бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің тұрақтылығын арттыру жөніндегі ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар әзірленетіні айтылды.