Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыда Төле би мен Әуезов көшелері қиылысындағы алапат өрттің видеосы жарияланды

0 423

Алматыда Төле би, 177 мекенжайындағы үш қабатты ғимарат өртенді, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

26 қаңтарда сағат 19.23-те ТЖД қызметкерлері өрт болған жерге барған.

«Келгеннен кейін 6 минуттан соң үш қабатты ғимарат өртеніп жатқаны анықталды. Ғимарат жұмыс істеп тұрмаған. Өрт қатар тұрған Jusan Bank ғимаратына жайылу қаупі туындады. Төле би көшесіндегі өрт 20-35-те ауыздықталып, таралу қаупі жойылды», – деді ведомство өкілі.

Сондай-ақ, оқиға орнында 2 өрт сөндіру учаскесі құрылды: оңтүстік және солтүстік жағынан. Өрт автосатылары орналастырылды, өртке қарсы құралдар қолданылды. Осылайша, су үздіксіз берілді. Оқиға орнында 10 техника, 50 жеке құрам жұмыс істеп жатыр. 37 метрлік 2 автосаты орналастырылды.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.