Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бурабай тұрғыны өзінің атынан несие рәсімдеген қызын сотқа берді

0 328

Бурабай ауданының тұрғыны әкесінің атынан 1,4 миллион теңгеге несие рәсімдеген, деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 24 қаңтарда Бурабай ауданының ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан өтініш келіп түскен.

«Ер адам банктердің бірінде оның атына несие рәсімделгенін, банкте берешектің жалпы сомасы 1,4 миллион теңге болғанын хабарлады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталды. Ол өтініш берушінің 24 жастағы қызы болып шықты. Қыз жәбірленушіні екінші деңгейдегі банктердің бірінде жеке кабинет ашуға көндіріп, оның атына карта мен несие рәсімдеген. Қазір ҚР Қылмыстық кодексі 190-бабының 2-бөлігі («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», – делінген ІІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.