Мәдина Сәдуақасова Түркияның Алания қаласындағы үйін сатып жібергенін айтты. Әнші Алматыдағы үйін де сатылымға қойған. Ол алдағы уақытта өзгерістер болатынын айтып, көпті елең еткізді,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы әнші желідегі парақшасында жазды. Сәдуақасова көпшіліктің сұрақтарына жауап берді.
“Аланиядағы 2/1 үйімді сатып жібердім. Енді Алматыдағы үйімді сатылымға қойдым. Өзгерістер орын алып жатыр”, – деді Мәдина.
Желідегі оқырманы әншіні шетелге көшеді деп болжады. Көкейдегі сұрақтарын әншіге қойып үлгерді. Алайда әнші елден ешқайда кетпейтінін мәлім етті.
“Жоқ, мен ешқайда да кетпеймін. Ең әдемі мемлекеттен қайда кетем? Мен өз жерімде тұрамын”, – деді әнші.
Алайда әнші ханым не себепті үйлерін сатып жатқанын атап көрсеткен жоқ. Желі қолданушылары түрлі сауал қойып жатыр.
“Не себепті үйіңізді сатып жатырсыз? Түркиядағы үйіңізді неге саттыңыз?”, “Ол жақтағы үйді сату үшін алған ғой, оның бәрі жоспармен”, “Алматыдан басқа қалаға кететін шығар”, “Басқа үй алады не басқа үй салады”, “Жақсылық болсын, жаңалықтар күтеміз”, – деді желідегілер.