Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда 26 жастағы жігіттің қолында граната жарылды

0 152

Оқыс оқиға 12 қаңтар күні Тараздағы Полиция басқармасының аумағында болған. Ғимараттың маңайын күл-қоқыстан тазалап жүрген жалдамалы жұмысшылар белгісіз зат тауып алған. Ол граната болып шықты, деп жазды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл жайында зардап шеккен жігіттің анасы Айгүл Оспанова айтты. Қаңтардағы қақтығыстан кейін полиция ғимаратын қайта қалпына келтіру жұмыстарына жалдамалы жұмысшылар тартылған. Сол жұмысқа барған  ұлына өрттен кейінгі күл-қоқыс үйіндісін тазалау міндеті жүктелген. Сөйтіп, қоқыс арасынан табылған граната қолында жарылады.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем көлігінің қызметкерлері жігітке алғашқы медициналық көмек көрсетіп, кейін оны ауруханаға жеткізеді. Алайда дәрігерлер зардап шегушінің бірнеше саусағын кесіп тастауға мәжбүр болады. Ұлы кемтар болып қалған ана араша сұрап, полицияға арызданды.

«Полиция басқармасының төңірегін тазалаған кезде жалдамалы жұмысшының қолында граната жарылды. Ол гранатаны қызығушылықпен қолына ұстап көрген. Сол сәтте граната жарылып, саусақтарын жұлып кеткен. Оқыс оқиғадан соң жігіт ауруханаға жеткізілді. Қазір осы іске қатысты тергеу жүргізіліп жатыр», – деді ПД өкілі.

Әкімдік зардап шеккен жұмысшыға өтемақы төлеу мәселесі тергеу аяқталған соң шешілетінін хабарлады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.