Қалалық қоғамдық-саяси газет

«23 миллион адам – ашқұрсақ»: Еуропа елдерінің басшылары тәліптермен келіссөз жүргізді

0 358

Осло қаласында өткен жиында дипломаттар Ауғанстанға көрсетілетін гуманитарлық көмек пен ондағы адам құқығы мәселелерін талқылады. 3 күнге созылған іс-шараға сырттан ешкім кіргізілмеді, деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Тәліптер бұл жолы АҚШ пен Батыс елдерінде сақталған Ауғанстанның 10 миллиард долларын бұғаттан шығаруды талап етті. БҰҰ болса, тәліптерге елге кіретін электр қуаты мен өзге де импортқа төлем жасауға мүмкіндік берді.

Айта кетейік, Ауғанстан жеріндегі гуманитарлық дағдарыс күн өткен сайын ушығып барады. Халықаралық агенттіктердің мәліметінше, аймақта 23 миллион адам ашқұрсақ жүр. Халық жеке мүліктерін сатып күн көруде. Босқындардың күйі өте нашар дейді сарапшылар.

«3 күндік кездесуде Америка мен Еуропа елдерінің басшыларымен нәтижелі кездесулер өтті. Көптеген өзекті мәселелер талқыланды. Ауғанстан тарапы өз мәлімдемесін де жасады. Бұндай кездесулер ауған жерінің экономикалық әл-ауқатына оң нәтиже беретіні сөзсіз. Ауғанстан қақтығыс алаңы емес. Бұдан былай, елімізді экономикасы дамыған, халықаралық байланыс пен қарым-қатынастың орталығы ретінде көргіміз келеді. Кез келген қиыншылықты еңсеру үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», – дейді Талибан (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) қозғалысының өкілі Амир Хан Муттаки.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.