Қалалық қоғамдық-саяси газет

Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік

0 213

Отыз жылдық белес – өткенді саралап, болашаққа нық қадам басатын кезең. Сондықтан мектебімізде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай бірқатар мазмұнды іс-шаралар өтті. Күні кеше ұйымдастырылған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік құттықтау шарасының да орны бөлек.

Жиынға Әкелер кеңесінің төрағасы Қонысбай Ильясов пен мектеп түлектері арнайы келіп, оқушылармен ой бөлісті. Қонысбай Қуандықұлы өз сөзінде еліміздің тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерін тізбектеп айтып берді. Сонымен қатар егемендіктің баянды болмағы тікелей білімді де білікті жастардың қолында екенін тілге тиек етіп, жастарға сенім артатынын жеткізді. Тағылымы мол шарада оқушылар сахналық қойылым көрсетіп, көпшілікті тәнті етті. Келелі кездесу соңында мектеп директоры Рахия Есеева оқушылар мен мұғалімдерді арнайы дипломмен марапаттап, табыс тіледі.

Әсем Әскерқызы,

№30 мектеп-гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Айнұр Ерденбекқызы,

Педагог-ұйымдастырушы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.