Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Байден Путинге қарсы қандай жағдайда санкция салынатынын айтты

0 1,559

АҚШ президенті Джо Байден егер Ресей Украинаға басып кірсе, Ресей президенті Владимир Путинге қарсы санкциялар қолдануды қарастыратынын айтты, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Байден Путинге қарсы санкциялар шабуыл болған жағдайда Ресей көретін “ауыр зардаптарының” бір бөлігі болатынын айтып отыр. Ол сондай-ақ Путин Украинамен шекараға тартылған жүз мыңнан аса әскермен не істейтінін білмейтінін атап өтті.

“Менің ойымша, тіпті өз адамдары оның не істейтінін нақты білмейді”, – деді Байден.

Бұған дейін Байден Украинаны басып алған жағдайда Ресейді доллардан “кесіп тастау” туралы айтқан болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.