Қырғызстан мен Өзбекстан қалалары да электр қуатынсыз қалды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
АКИpress агенттігі мәліметніше, 25 қаңтарда түске таман Бішкекте электр қуаты үзілген.
Сондай-ақ, Ош қаласында да электр қуаты үзілген. Қырғызстанның бірқатар өңірінде электр жарығы өшіп жатқаны туралы ақпарат бар. Осылайша, Шу өңірі – Жайыл және Мәскеу аудандарының, Тоқмок қаласында, сондай-ақ Ыстықкөл облысының бір бөлігінің тұрғындары электр қуаты жоқтығын жазып жатыр.
Gazeta.uz сайтының мәліметінше, Ташкент пен Өзбекстанның кейбір басқа қалаларында сейсенбіде сағат 11:00 шамасында электр жарығы сөнген. Өзбекстанның энергетика жүйесінде ірі апат болғаны айтылды. Елорда тұрғындары сорғылардың тоқтап қалуынан су қысымының төмендегенін айтып отыр. Ұялы байланыс әлі жұмыс істейді.
Sputnik Өзбекстан мәліметінше, елорданың барлық ауданында, Гүлістан, Қарши, Самарқанд, Бұхара, Қоқан, Шыршық қалаларында жаппай электр қуаты үзілген. Басылым Ташкент метросының да жұмысы тоқтатқанын хабарлады. Жолдардағы қозғалысты жол полициясының қызметкерлері реттейді – бағдаршам жұмыс істемейді.