Қалалық қоғамдық-саяси газет

Павлодар тұрғыны қатты аязда үсіп өлді

0 451

Павлодар қаласының 35 жастағы тұрғыны қатты аязда үсіп қалған, деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

«22 қаңтар күні түнде полицияға Павлодар қаласының тұрғыны 35 жастағы ұлының қайда жүргенін анықтау туралы өтінішпен жүгінді. Ол 22 қаңтарда сағат 10.00-де үйінен кетіп, осы уақытқа дейін оралмаған. Полицейлер, құтқарушылар мен еріктілер бірлесіп, көшелер мен кіреберістерді, құдықтар мен қараусыз қалған үйлерді, сауда орталықтары мен құрылысы аяқталмаған ғимараттарды тексерді. Іздеу шаралары бір тәулік бойы жалғасты», – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

23 қаңтар күні сағат 16.00-де Ертіс өзенінің жағасында сыртқы зорлық белгілері жоқ ер адамның денесі табылды. Аталмыш фактіге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.