Ақтауда “наразылық” белгісі ретінде итбалықтың екі метрлік мүсіні орнатылды, – деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
“Итбалықтың” шағын архитектуралық формасын шығармашылық ұжым жасаған. Авторлық туынды демеушілік қаражат есебінен Ақтау қаласындағы 15-ықшамаудан жағалауында орнатылған.
Сурет: “Итбалық”\inAktau.kz
Әкімдік мәліметінше, итбалық Ақтаудың символдарының бірі – Каспий теңізінің эндемигі.
“Авторларды, кейінгі бірнеше жылда осы әдемі жануарларға қатыгездікпен қарау туралы жаңалықтар алаңдатады. Бұл шағын архитектуралық пішін – бізді қоршаған өте нәзік және қорғансыз әлемге қатыгез көзқарасқа наразылық”, – деп түсіндірді әкімдік өкілдері.
