Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сарысуда ауыл тұрғындарынан тіркелмеген қарулар табылды (ВИДЕО)

0 1  855

Ағымдағы жылғы қаңтар айының басында орын алған жаппай тәртіпсіздік оқиғасы барысында жоғалған, ұрланған қаруларды анықтау мақсатында полиция қызметкерлерімен Сарысу ауданы аумағында құрылысы аяқталмаған, қараусыз қалған ғимараттарға, ауылдардың маңайы және т.б. аумақтарға тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Рейдтік іс-шаралар барысында Досбол ауылының 43 жастағы тұрғынынан тіркелмеген 12 калибрлі тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, 10 дана оқ-дәрі, 5 гильза және 4 қолдан жасалған пышақ анықталды.
Сондай-ақ, 24 жастағы осы ауылдың тұрғынынан заңсыз сақталған 12 калибрлі аңшы мылтығы және 24 дана 12 калибрлі оқ-дәрі табылды.

Аталған азаматтарға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 482-бабымен (Қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткізу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) хаттама толтырылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.