Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматы облысында қару-жарақ қоймасы табылды

0 530

   Алматы облысында Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде қару-жарақ дүкенінен ұрланған қарулар сақталған қойма анықталды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап.

14 қаңтарда тәртіп сақшыларына бірнеше қылмысқа қатысы бар деп күдікке ілінген ер адам туралы жедел ақпарат келіп түсті. Ақпаратта күдіктіде Алматыдағы қару-жарақ дүкендерінің бірінен ұрланған атыс қаруы бар делінген.

Қызылжар ауылының 21 жастағы тұрғыны полицияға жеткізілді. Ұсталған адам 6 қаңтарда Алматыда болған тәртіпсіздіктер кезінде «Алпамыс» қару-жарақ дүкенінің қалай тоналғанын көрген.

«Дүкенде белгісіз үш адам оған Ресейде жасалған екі қару берген. Дүкен ғимаратының алдынан тағы да мылтық, тегіс ұңғылы қару мен тапанша және көптеген оқ-дәрілерді жинап алған. Ол қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тау бөктеріндегі екі жерде жасырған», – деді тәртіп сақшылары.

Қойманы тексеру барысында қару-жарақ арсеналы табылып, заттай айғақ ретінде іске тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.