Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ көшбасшысы Джозеф Байденнің Ресей Украинаға “болмашы шабуыл жасауы” мүмкін деген сөзіне реніш білдірді, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
“Ұлы державаларға кішігірім агрессия және шағын халық болмайтынын еске салғымыз келеді. Кішігірім құрбандар да, жақын адамнан айрылғанда шағын қайғы да болмайды”, – деп жазды Украина басшысы 20 қаңтарда, бейсенбіде Twitter-де.
“Мен ұлы державаның президенті ретінде айтып отырмын”, – деді Зеленский.