Мемлекет басшысы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Төлеубек Аралбайдың туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады,–деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаев театр және кино актері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Төлеубек Мұхамеджанұлы Аралбайдың дүниеден өтуіне байланысты оның жақындары мен туыстарына көңіл айтты.
– Төлеубек Мұхамеджанұлы қазақ өнерінің қара шаңырағы М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында ұзақ жылдар қажырлы еңбек етті. Отандық кино мен телесериалдардың сәнін кіргізіп, актерлік шеберлігімен көрермендер көзайымына айналды. Ұстаз ретінде көптеген таланттардың жолын ашты. Театр және кино өнерін өркендетуге мол үлес қосқан Төлеубек Мұхамеджанұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – делінген жеделхатта.