Қалалық қоғамдық-саяси газет

Павлодар облысында балықшы суға батып кетті

0 162

Павлодар облысының тұрғыны балық ауламақ болып, қайтыс болды. Ол жұқа мұздың үстімен кетіп бара жатып, суға батып кетті. Бұл туралы Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Айдана Жақыпова айтты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Шідерті елді-мекеніндегі Қаныш Сәтбаев каналында болған. 37 жастағы ауыл тұрғыны автокөлік көпірі ауданында суға батқан. Куәгердің айтуынша, марқұм мұз арқылы каналдың ортасына жетіп, балық ауламақ болған.

Оның жанында болған тағы бір балықшы құрал-жабдықтарын түгендеу үшін теріс айналған. Қайта қарағанында, жолдасы мұздың астына кете барыпты. Куәгер жедел түрде 112 нөміріне хабарласқанын айтады.

ТЖ департаментінің хабарлауынша, екі құтқарушы оқиға орнына жеткенде марқұмның денесін тапқан.

Екібастұз қаласының ТЖ басқармасындағылар, каналдағы мұздың біркелкі еместігін айтты. Сорғы станциясы бұл жерден су тартып тұрады да, мұз қалыңдап үлгермейді.

Басқармадағылар арнайы белгіленген орындарда ғана балық аулаға болатынын еске салды. Мұзға құтқару құралдары мен жүзуге арналған жилеттерсіз шығуға болмайды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.