Қалалық қоғамдық-саяси газет

«12 жастағылар үйленді»: Елдің қызу талқысына түскен ерекше ерлі-зайыптылардың кім екені белгілі болды

0 402

Желіде қазақ тойларының бірінде түсірілген видео тараған болатын. Жұрт күйеу жігіттің бойы әйелінен қысқа екенін айтып қызу талқыға салды. Енді бірі оқушы бала деп топшылады. Жас жұбайлардың кім екені белгілі болды.

Осы кадрлардың кейіпкерлердің кім екені, ерекше жұптың отбасылық бақытының сыры белгілі болды, деп жазады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, қалыңдықтың есімі Гүлзат Әуезбекова. Ол 22 жаста, Ақтөбе облысы, Ембі қаласының тұрғыны. 25 жастағы атыраулық күйеу жігіт – Ғалымжан Бағытжанов. Қазір жас жұбайлар күйеуінің ата-анасымен Батыс Қазақстандағы Қурайлы ауылында тұрады.

Жастар 2020 жылы әлеуметтік желі арқылы танысқан. Олар телефонмен сөйлесіп, хат алысып келген. Бойжеткен ұзақ уақыт бойы бетпе-бет кездесуге батылы жетпегенін айтады.

«Мүмкін мен қорықтым. Бірақ мен онымен бұрыннан таныс адам сияқты сөйлескім келді. Бірде мен онымен кездесуге бардым, бірақ оны бірінші рет көргенде қорқып кеттім. Бес минуттан кейін кетіп қалдым. Бірақ сезімім болды. Кейін қайта сөйлестік. 7 ай сөйлесіп, былтырғы жылы 4 қыркүйекте Ғалымжанның туған күнінде үйлендік», – дейді қалыңдық.

Гүлзаттың айтуынша, достары қарсы болғанымен, ата-анасы қолдау білдірген. Солайша ата-анасының ақ батасымен бас қосқан.

“Мен ешқашан күйеуімнен бойы туралы сұраған емеспін. Ренжітіп алам ба деп қорқамын. Ал отбасында бәрінің бойы ұзын”, – деді Гүлзат.

Айта кетейік, Гүлзаттың бойы 155, Ғалымжанның бойы 140 см.

“Мен үшін бастысы бойы емес, махаббат маңызды. Күйеуім мен үшін ең керемет адам” – деді ол.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.